Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Облыстық білім басқармасы республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы ұймдастыруымен ұстаздар күні мерекесіне орай қосымша білім беру ұйымдары арасында өтіп жатқан экологиялық челленджді Шұбарқұдық балалар музыка мектебі жалғастырады.
Ұстаздар күні мерекесіне орай қосымша білім беру ұйымдары арасында “Мен және менің ұстазым!” атты экологиялық челлендж аясында мектебіміздің оқушылары өз ұстаздарымен бірге гүл егіп, табиғатқа жанашырлық пен ұстазға деген құрметті үйлестірген игі шараға белсене қатысты.
Челлендждің басты мақсаты - жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті дарыту, ұстаздар еңбегінің маңыздылығын дәріптеу, әрі оқушы мен ұстаз арасындағы рухани байланысты нығайту. Іс - шара барысында әр білім алушы сүйікті ұстазымен бірге бір гүлден егіп, жүрек жарды тілектерін білдіріп, алғыстарын жеткізді. Табиғат аясында өткен бұл шара ерекше көңіл - күй сыйлап, ұстаздар мен оқушыларға ұмытылмас естеліктер қалдырды.