«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ақпан «Жасампаздық пен жаңашылдық» құндылығы айы.
Бұл айдың мақсаты - шығармашылық ойлау, тың идеяларды жүзеге асыру және қоғамға игі өзгерістер енгізу, креативті бастамаларға жол ашу.
Бүгінгі таңда Жасанды Интеллект (ЖИ) музыка әлемінде үлкен өзгерістер жасап жатыр!
Мектебімізде ақпан айында “Музыка және Жасанды интеллект” тақырыбында апталық өтті.
Дүйсенбі:
Домбыра класы
“Домбыра және ЖИ: Ұлттық музыканың жаңа өрісі” тақырыбы аясында
Домбыра класы оқушыларына Sibelius программасын қолдануды түсіндіріп, практика жүзінде тапсырмалар берілді!
Сейсенбі:
Қобыз және Терме класы:
“Дәстүр мен технологияның байланысы”
Қобыз және терме класы оқушыларына ChatGPT, AIVA, MuseNet, MusicLM тәрізді музыкалық программалардың қолданылу жолы түсіндірілді.
Сәрсенбі:
Фортепиано класы МУЗЫКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР
тақырыбы аясында “Ақпараттық - коммуникацияларды пайдалану, пианинода ойнауды үйрену”барысында оқушыларымызға фортепиано сабағында классикалық музыкадан қазіргі заманғы музыкаға дейінгі үлкен және алуан түрлі Notly.ru ноталар жинағы таныстырылды.Бейсенбі:
Баян классы: “Музыканың жаңа қырлары”
Баян класының оқушыларына ChatGPT, Musescore программасының қолданылу жолы түсіндірілді.
Musescore программасымен оқушылар жұмыстанып, ЖИ туралы өз ойларын айтты.
Жұма:
Вокал, Хор өнері және ЖИ: Жаңа дыбыстар мен мүмкіндіктер”
ЖИ пайдалана отырып, музыкалық дыбыстарды, әуендерді дауысына қарай реттеп алу мүмкіндіктерімен жұмыс жасалды.
Оқушыларға Х- минус, Savefrom, Musescore программаларын пайдаланылып, қолдану жолы түсіндірілді. Осы программалар арқылы тұтас бір әуенді жазуға, өңдеуге болатындығы көрсетілді.
Апталықтың жабылуы
Апталыққа оқушыларымыз белсенді қатысып, заманауи жасанды интеллект құралдарымен танысты. Sibelius, Musescore,ChatGPT, AIVA, MuseNet, MusicLM,Х- минус, Savefrom тәрізді программаларының тиімді мүмкіндіктерімен бөлісіп, оның сабақты қызықты әрі тиімді өткізуге қалай көмек болатынын көрсетті.