Отбасы күні құтты болсын
Отбасы - қоғамның берік іргетасы, адам бойындағы ізгілік пен адамгершілік қасиеттердің бастауы. Әр шаңырақта сыйластық пен суйіспеншілік, татулық, пен түсіністік орнасын. Бұл мереке әрқайсымызға ата-ананы құрметтеуді, ұрпақты тәрбиелеуді, ұлт болашағы үшін отбасы құндылықтарын
сақтаудың, маңыздылығын тағы да еске
салады.
Отбасыларыңызға амандык, дендеріңізге саулық, үйлеріңізге бақ пен береке тілейміз!
Отбасы – адамзат өміріндегі ең қастерлі ұғымдардың бірі. Әрбір шаңырақтың шаттығы мен берекесі – елдің дамуы мен мемлекет тұрақтылығының кепілі. Сондықтан да отбасы құндылықтарын дәріптеу – баршамыздың қасиетті парызымыз.
Бұл мереке – ата-бабамыздан аманат болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлердің, сыйластық пен ізгіліктің, адалдық пен мейірімнің жалғасы іспеттес. Өйткені отбасы – ұрпақ тәрбиесінің алтын бесігі, адам бойындағы асыл қасиеттердің алғашқы мектебі.
Осы игі мереке қарсаңында барша отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, мол шаттық тілейміз. Әр шаңырақтан күлкі мен қуаныш, мейірім мен махаббат ешқашан арылмасын.
Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, босағаларыңыз берік болсын!
Өнер арқылы ұрпақ тәрбиелеу – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі.
Сондықтан өнерлі отбасы – бірліктің, мәдениеттің және рухани байлықтың жарқын көрінісі.
Отбасы – қоғамның іргетасы, ұлттың тірегі.Отбасы – бізді әрқашан қолдайтын, қуанышымызды еселейтін, қиындықта демеу болатын ең қымбат қазына.
Отбасы күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Әр шаңырақта ырыс пен ынтымақ, махаббат пен мейірім орнасын
*Біз – түріміз басқа, тілегіміз бір халықпыз.*
Қазақ елінің ең басты байлығы – ұлттар арасындағы татулық пен достық.
1 мамыр – бейбіт өмірдің, ынтымақ пен бірліктің мейрамы!
*Берекелі болашақ – бірлікте!*
ӘЛИЯ ЕРЛІГІ — ӨШПЕС ТАРИХ
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ
Биыл Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толып отыр.
Ұлы Отан соғысының от-жалынында небәрі 19 жасында Отан үшін от кешкен Әлияның ерлігі — ел тарихындағы ең жарқын әрі ең қастерлі беттердің бірі.
Қазақ халқының атын әлемге танытқан Әлия — қайсарлықтың, ержүректіліктің, отансүйгіштіктің символына айналды. Оның жастық жігері мен өр рухы, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі бүгінгі және келер ұрпаққа мәңгілік өнеге. Әлия соғыстың ең қиын сәттерінде қайсарлық көрсетіп, алғы шепте шайқасты.
Оның қысқа ғұмыры мәңгілік ерліктің үлгісі болды. Әлияның есімі мектептерге, көшелерге берілді, ескерткіштер орнатылды, ол туралы кітаптар жазылып, фильмдер түсірілді. Әлия — бүгінгі бейбіт өміріміздің бірден-бір кепілі болған Ұлы Жеңістің символы.
Бүгінгі ұрпақ үшін Әлияның рухы — рухани биіктің белгісі. Оның өшпес ерлігі бізге әрдайым жігер береді, Отанға деген сүйіспеншіліктің қадірін ұқтырады.
Әлия — мәңгі жасайтын ерліктің бейнесі!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біз Әлия Молдағұлованың ерлігін ерекше құрметпен еске аламыз.
Жас ұрпақ оның өнегелі жолын, батырлық рухын әрдайым мақтаныш етеді.