Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі ұйымдастыруымен Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығы 04-06 қараша күндері «Қазанғап мұрасын насихаттау жолдары: музыкалық сауаттылық пен аспаптарда орындау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік тәжірибе алмасу семинарына мектебіміздің баян класының мұғалімі Қалиқанова Жангүл Қалиқанқызы қатысып келді.