Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі ұйымдастыруымен Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығына орай 04-06 қараша күндері «Қазанғап мұрасын насихаттау жолдары: музыкалық сауаттылық пен аспаптарда орындау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік тәжірибе алмасу семинарына мектебіміздің домбыра класының мұғалімі Сәбит Саттар Абайұлы қатысып келді.