Балаларға қосымша білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру.
Облыстық әдістемелік семинар
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің 45 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А. М. Нарегеева ұйымдастырған «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің басқару тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинарға қатысушыларды Темір аудандық білім бөлімі басшысы Светлана Маратовна Карабалина құттықтап, қосымша білім берудің ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды. Семинар барысында Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің директоры Г. Г. Үмбетова, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК-ның директоры Ш. Н. Жеткергенова, №1 балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д. Н. Алданазарова, «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» МКҚК-нің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. О. Ихласова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушыларға сертификат табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.