Музыка мектебі ұжымы мен оқушылары ерекше рухпен бас қосқан бұл күн — есте қаларлық сәттерге толы болды.
Мемлекеттік Гимн орындалып, шара салтанатты түрде ашылды.
Мектеп директоры Жетенов Сұңғат Сәлімгерейұлы құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Былтыр ғана жұмысқа қабылданған, мектебіміздің түлегі, жас маман Қартбай Ұлданай Мерхатқызы жүрекжарды тілегін ұстаздар мен оқушыларға арнады.Шара барысында шәкірттеріміз әсем музыкалық нөмірлер орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Бұл күн — мектебіміздің бірлігі мен рухани құндылықтарының жарқын көрінісі болды!