Ұстаз - әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз!
Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "ҰСТАЗ - МӘҢГІ НҰРДЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ!" атты салтанатты іс шарада ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, ауданымыздың ұлағатты ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды!
Соның ішінде мектебіміздің директоры С.С.Жетенов аудан әкімі Ж.А.Жақсылықовтың алғыс хатымен марапатталып, "Сарыағаш" шипажайына сертификат табысталды.
Мектебіміздің вокал класының мұғалімі К.Г.Бекмағанбетова Облыстық Білім Басқармасының басшысы Б.Күзембаеваның алғыс хатымен марапатталды.
Құрметті ұстаздар! Марапаттарыңыз құтты болсын! Шәкірт тәрбиелеу жолында жасап жатырған еңбектеріңіз әрқашан ескеріліп, құрмет пен алғысқа бөленіп жүре беріңіздер!