Биылғы оқу жылына жаңадан қабылданған оқушыларды жас музыканттар қатарына қабылдау мақсатында «Қош келдің Өнерпаз!» атты салтанатты іс-шара өтті. Домбыра, вокал, баян, қобыз, фортепиано, терме класының оқушылары аз ғана уақытта үйренген шығармаларын топқа бірігіп орындап көрермендер қошеметіне бөленді. Іс-шара соңында жас өнерпаздарымызға өз ризашылықтарын білдіріп, жас бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Өнер атты ұлылықтың жұлдызын жағып жарқырай беріңіздер жас жұлдыздар!