Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Өткен жыл біздің ұжым үшін маңызды белес болды. 45 жылдық тарихы бар музыка мектебінің шығармашылық жолындағы еңбегі жоғары бағаланып, жыл қорытындысымен Темір аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болдық. Үш жыл қатарынан үздіктер қатарынан табылуымыз бұл біздің ұжымның ұйымшылдықпен еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруінің, барлық іс - шараларға белсенді атсалысуының жемісі.
бұл жетістік - ұжымымыздың бірлігі мен ауызбіршілігінің нәтижесі. Бірлесе отырып, талмай еңбек етіп, шығармашылықтағы жаңа шыңдарға қол жеткізу жолында жеткен жетістігімізге қуаныштымыз!
Алғыс хат - тек өткеніміздің жемісі ғана емес, алдағы уақытта да музыка әлемінде жаңа жетістіктерге ұмтылуға күш береді!
Барлық әріптестерімізді, ұстаздар мен оқушыларды осындай жоғары марапатпен құттықтаймыз! Жаңа жылда да бірлігіміз бен шығармашылығымыз өркендей берсін!