Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Темір ауданы Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде «Музыка үні - әлем тілі» атты мектебіміздің ардагер ұстазы, мектеп директоры қызметін атқарған Нәбира Қожабайқызы атындағы жаңа үлгідегі кабинеттің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қойшыбаев Жандаурен Баймағамбетұлы, аудандық мәслихат төрағасы Шаимов Болат Сейтенұлы, еңбек жолы жастарға үлгі болып, білім мен тәрбие нәрімен сусындатқан ардагер ұстазымыз, ұстаздардың ұстазы Дулатбаева Гүлжан Тәуірбайқызы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.М. Нарегеева және қосымша білім беру мекемесінің басшылары, аудан қонақтары қатысты. Н. Қожабайқызы мектеп директоры қызметін атқарған уақытта жас мамандардың шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасап, ізденумен жаңашылдыққа қолдау көрсетіп, білім беру мен тәрбиелеу, әдістемелік жұмыстарды сапалы деңгейге көтеру, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда талапқа сай еңбек етті. Заманауи үлгіде жабдықталған кабинеттің лентасын ардагер ұстаз Гүлжан Тәуірбайқызы мен аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандаурен Баймағамбетұлы қиды.