Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Темір аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің 45 жылдығына арналған «Ән мен саздың мекеніне - 45 жыл» атты іс-шара өтті. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған 45 жылдық мерейтойға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Б. Қойшыбаев, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.М. Гарегеева, аудандық мәслихат төрағасы Б.С. Шаимов, ардагер ұстаздар, барлық қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен орынбасарлары қатысты.
«Балаларға қосымша білім беру жүйесінің басқару тиімділігін арттыру» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
«Музыка үні - әлем тілі» ардагер ұстаз Ешімқұлова Нәбира Қожабайқызы атындағы кабинет ашылды.
«Жарқыра, жарық жұлдыздар!» атты шығармашылық концерт ұйымдастырылды.