Мектебімізде мектеп бітіруші жас түлектерге арналған “Сәт сапар, өнерлі өрендер!” атты салтанатты шара өтті.
Шарамыздың басы мектеп директоры С.С. Жетеновтың құттықтау сөзімен басталып, түлектерге куәлік табыстау рәсімімен жалғасты.
•Салтанатты жиын барысында жас түлектер мен ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтып ортаға шықты.
•Мектептің мәдени іс-шараларына белсене қатысып, бізді әрқашан қолдап жүретін ата-аналарымыз назардан тысқалмады. Мектеп директорының қолынан алғыс хаттармен марапатталды.
•Түлектер өздерінің ән шашуымен салтанатты жиынды аяқтады.
Музыка мектебі - талантты да дарынды оқушыларды дайындап жүрген мәдени орта. Осы ортада 5 жыл тәлім-тәрбие алып, өнер атты қызығы мен қиындығы мол жолда шыдамдылық танытып, абыроймен аяқтап жатқан жас түлектерімізге сәт сапар, ақ жол тілейміз! Болашақтарыңыз жарқын болып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!!!