“Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысып, туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне қосқан қомақты үлестеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің табиғатты аялауға, оқушыларға экологиялық тәрбие беруге бағытталған жанашырлықтарыңыз бен белсенділіктеріңіз көпке үлгі. Бұл игі іс - келешек ұрпаққа жасалған үлкен аманат. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбекте жеміс және әрдайым биік белестерден көріне берулеріңізді тілейміз!