«UMIT» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ және «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ бірлесе ұйымдастырып өткізген «UMIT - 2024» атты IV Республикалық шығармашылық байқауына мектебіміздің оқушылары «аспапта ойнау», «вокал» номинациялары бойынша қатысып жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жүлделі 1, 2 орындарды иеленіп қайтты. Ауданымыздың, мектебіміздің абыройын асқақтатып биіктен көріне білген оқушыларымызбен, ұстаздарымызды қашанда қолдау білдіріп жанымыздан табылатын ата-аналарымызды шын жүректен құттықтаймыз!