22 Наурыз - Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған “Өнерпаздар ауылы” ерекше сән - салтанатымен, ұлттық нақыштағы безендірілуімен және жоғары мәдени деңгейімен көпшіліктің көңілінен шығып үздік деп танылған Шұбарқұдық балалар музыка мектебі, Темір ауданының білім бөлімінің басшысы Светлана Карабалинаның алғыс хатымен марапатталды!