«ЖАС ТҮЛЕК -2023» мектебімізде мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті. Мектебіміздің 19 түлегі мамандық кластары бойынша куәлік алып, өз өнерлерімен 1 класс оқушыларына жүрек жарды тілектерін арнаса, жас бүлдіршін шәкірттеріміз аға буын өкілі мектеп түлектерінің алдында өнердің биігін бағындыруға ант қабылдады.
Ата - аналар мен сүйікті шәкірттеріміз ұстаздарына ақжарма тілектерін арнаған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті.