Бүгін - балалар үшін күлкі мен қуанышқа, шаттыққа толы ерекше күн. Бұл мереке - балаларды қорғау, олардың бақытты балалық шағын сақтау мен болашағын жарқын ету жолына серпін болмақ.
Бала - өмірдің сәні, үміттің шырағы. Әр сәбидің күлкісі - әлемнің ең әдемі музыкасы.
Мектебімізде “Шабыт” жазғы алаңының салтанатты ашылуы өтті. Мереке көңілді саппен басталып, оқушылар жазғы демалыс алаңының ережелерімен танысты.
Мерекелік шарада мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Есенжолова Светлана Маратқызы кішкентай бүлдіршіндерімізді мерекелерімен құттықтап, демалыс уақыттарының көңілді, пайдалы өтуіне тілектестік білдірді. Келген бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Салтанатты шарамыз қуанышты эмоцияға толы болды.