• Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің "Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы" РМҚК базасында онлайн форматта ұйымдастырылған "Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейін бойынша мамандарға арналған "Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы концертмейстердің педагогикалық қызметі" тақырыбындағы 80 сағаттық онлайн курсқа мектебіміздің ұстаздары қатысты.
• Фортепиано класының педагогі, концертмейстер Ихласова Жанар Омарқызы мен домбыра класының педагогі Табынбай Кенжебек, "Концертмейстердің кәсіби қызметіне қажетті қабілеттер, біліктер мен дағдылар" тақырыбында жоба қорғады.
• Фортепиано класының педагогі Өтемісова Динара Абатқызы, "Қазақстан композиторларының шығармалары мен пьесалары" тақырыбында жоба қорғады.