Өнерді шексіз сүйемін!
Шығармашылық кеш Өнер – бұл адам жанының терең түкпірінен шығатын құдірет, шексіз махаббатпен, еңбекпен жететін биік шың!
Бүгін мектебімізде домбыра класының мұғалімі С.М. Есенжолованың ұйымдастыруымен облыстық, республикалық домбырашылар байқауының жүлделі орындарын иеленген жас дарын шәкірті – Жансая Базарбай Жансерікқызының “Өнерді шексіз сүйемін!” атты шығармашылық кеші өтті.
Кеште Жансаяның орындауында:
Қазанғаптың күйі “Бұраңбел Ақжелең”
С.Балмағамбетовтың күйі “Жасай бер, өмір”
Ә.Желдібаевтың “Бабалар өсиеті”
Тоғжан Жахинның “Дала рухы”
Және басқа да шығармалар көрермендердің көңіліне серпіліс сыйлады!
Мектеп директоры Жетенов Сұңғат Сәлімгерейұлы баласының саз мектебінде оқып, білім алуына жағдай жасап, қолына кәсіби домбыра алып беріп, өнер жолындағы еңбегіне қолдау білдіргені үшін Танков Жансерік Базарбайұлына алғыс білдірді.
Қолдау білдіріп, кешті көруге келген ата-аналар, жақындары мен туыстарына алғысымыз шексіз!