"Umit" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Ұстаз - ұлы тұлға" атты Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауына Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің филиалы Алтықарасу мектеп - балабақшасының өнерлі оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
"Хор" номинациясы бойынша "ШАБЫТ" балалар хоры I - дәрежелі дипломмен, "Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша Жайықова Нұрила III - дәрежелі дипломмен, Медет Ерке II - дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Г.Х.Тулкибаева өнерлі оқушыларды дайындап, шығармашылықтарын шыңдап жүргені үшін дипломмен марапатталды
Жетістіктеріңіз құтты болсын!