Қазақстан Республикасы «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «ТАЛАНТ FEST 2024» халықаралық шығармашылық конкурсында дарындылығымен, талантымен топ жарған мектебіміздің «ӨНЕР» домбырашылар ансамблі «Аспапта орындаушылық өнері - домбыра» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ, Балтабаев Дулат ІІ Дәрежелі лауреат иегерлері атанды. Мектеп директоры С.С.Жетенов талапты да, талантты ұрпақ тәрбиелеп, байқауға қолдау көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен, жетекшісі О.Р.Саламатов «Үздік жетекші» дипломымен, шәкірттері жүлделі орындарға ие болғаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды.